Жұмсақ контактілі линзалар PureVision® 2 6 дана

Жұмсақ контактілі линзалар PureVision<sup class="reg">®</sup> 2 6 дана - фото
PureVision®2 ай сайынғы силикон гидрогельді контактілі линзалар Balafilcon A иондық силикон гидрогель материалынан жасалған, ол 36% ылғалды сақтайды. Күнделікті немесе ұзақ мерзімді (30 күнге дейін) үздіксіз тозу кезінде көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды және дезинфекциялауды қажет етеді.

— оттегінің өткізгіштігі (Дк/т = 130)
— 30 күнге дейін күнделікті немесе ұзақ мерзімді тозу.
— Құрамында 36% ылғалдылық бар
Интернет-дәріханаға тапсырыс беру Нұсқаулықты жүктеп алу
Құрамы
PureVision 2 (balafilcon A) линзалары жұмсақ сферикалық гидрофильді жанаспалы линзалар болып табылады. Олар А балафиликоннан, силикон винил карбамат сополимерінен, N — винил-пиролидоннан, силоксан кросслинкерінен және ылғалдағыш винил аланин мономерінен дайындалған, ылғалдың құрамы массасының 36%-ын құрайды, ыңғайлылық үшін көгілдір түске боялған. Линзаның көгілдір реңденуі белсенді көк 246 бояғышының көмегімен іске асырылады. Линзаның жетілдірілген конструкциясы: тегіс беткейі мен линзаның жұқа жиегі оны қозғалғыш етеді және көз жасының үздіксіз алмасуына және суланғыштығына ықпал етеді.


Материалы А балафиликоны
Меншікті салмағы 1,064
Көрсеткіші 1,426
Жарық өткізгіштігі Жарықтандыру жөніндегі Халықаралық комиссияның деректеріне сәйкес 95 %-дан кем емес
Оттегіні өткізу коэффициенті
(DK) 91 х 10-11 [см3О2 (STP) х см]/(сек x см2 xс.б.бмм. @ 35ºС полярографиялық тәсіл (шекара және жиегі бойынша түзетумен
101 х 10-11 [см3О2 (STP) х см]/(сек x см2 x с.б.б мм) @ 35ºС полярографиялық тәсіл (шекара және жиегі бойынша түзетумен, жиегі бойынша түзетусіз)
Судың құрамы 36%
Базалық қисықтығы 8,6 мм ±0,20
Диаметрі 14,00 мм±0,20
Сипаттамасы
PureVision®2 ай сайынғы силикон гидрогельді контактілі линзалар Balafilcon A иондық силикон гидрогель материалынан жасалған, ол 36% ылғалды сақтайды.
Көздің көруін түзетуге арналған Bausch + LombPureVision 2 (balafilcon A) жұмсақ жанаспалы линзалары астигматизмі 2,00 диоптрийге дейінгі көзінің қатар жүретін патологиясы жоқ афакиясы бар және/немесе афакиясы жоқ пайдаланушыларда көру өткірлігіне әсер етпей көруді реттетуге және рефракциялық аметропияны (миопияны немесе гиперметропияны) түзетуге арналған. Оптикалық күші +6,00-ден -12,00 дптр-ге дейінгі линзалар жиі/жоспарлы ауыстыру немесе ең көп тағу мерзімі 30 күн бір реттік қолдану режимінде тағайындалады. Бұйым емдік мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Линзалар көз ауруларын емдеу кезінде мөлдір қабықты қорғау және мөлдір қабық синдромын азайту, сондай-ақ операциядан кейінгі кезеңде қолданылуы мүмкін.
Егер пациентте төмендегі құбылыстардың кез-келгені байқалса, жұмсақ жанаспалы линзаларды пайдалану қарсы көрсетілімде:
— көздің алдыңғы камерасының жедел және жеделге жуық қабынуы;
— мөлдір қабыққа, конъюнктиваға немесе қабақтарға әсер ететін кез-келген көз аурулары, жарақаты немесе бұзылу;
— көз жасы секрециясының ауыр жеткіліксіздігі (құрғақ көз синдромы);
— мөлдір қабық гипоэстезиясы (мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі);
-жанаспалы линзаларды тағып жүру салдарынан немесе көзге әсер беретін кез келген басқа жүйелі аурулар;
— жанаспалы линзаларды тағып жүру немесе жанаспалы линзаларға арналған ерітінділерді пайдалану салдарынан туындауы немесе асқынуы мүмкін көз шырышты қабығының немесе айналасындағы тіндердің аллергиялық реакциялары;
— мөлдір қабықтың кез-келген белсенді (бактериялық, зеңдік немесе вирустық) инфекциясы.
Линзаны тағудың екі тәсілі болады. Олардың сіз үшін ыңғайлырағын пайдаланыңыз.
1. Линзаларды бір қолмен тағу: линзаны сыртына айналып кетпеуі үшін линзаны оң қол сұқ саусағының ұшына қойыңыз. Линзаның таза және зақымданбағанына көз жеткізіңіз. Дәл осы қолыңыздың ортаңғы саусағымен астыңғы қабағыңызды тартыңыз. Көзіңізді жоғары қаратыңыз және линзаны қарашықтан төменірек ақ бөлікке абайлап қойыңыз. Сұқ саусағыңызды линзадан алыңыз. Линзаны дәл интеграциялау үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартулы астыңғы қабақты абайлап жіберіңіз. Линзаның жақсы отыруы үшін көзіңізді қысқа уақыт жабыңыз. Көру өткірлігінің артуы — дұрыс отырғызу критериі. Жоғарыда аталған операцияны басқа линзамен қайталаңыз.
2. Линзаны екі қолмен тағу: оң жақ линзаны контейнерден шығарыңыз. Сол қолдың ортаңғы саусағымен жоғарғы қабақты қасқа тартыңыз. Оң қол сұқ саусағының ұшына линзаны қойыңыз және дәл осы қолдың ортаңғы саусағымен астыңғы қабақты тартыңыз. Қабақтарды көрсетілген күйінде ұстап тұрып линзаны дәл ортаға келтіру үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартулы қабақты абайлап жіберіңіз. Жоғарыда аталған операцияны басқа линзамен қайталаңыз.

Линзаларды қалай шешу керек: көзіңізді жоғары қаратыңыз және тиісті қолыңыздың ортаңғы саусағымен астыңғы қабақты тартыңыз. Сұқ саусақтың ұшын линзаның шетіне қойыңыз. Линзаны төмен немесе бір шетке жылжытыңыз. Линзаны бас бармақ пен сұқ саусақтың арасында абайлап қысыңыз және оны көзіңізден шығарып алыңыз. Линзаны тазартыңыз және ерітінді бар контейнерге салып қойыңыз және ол өз бетінше түзелуі мүмкін. Егер олай болмаса, ерітіндімен алдын ала жақсылап ылғалдандырып, оны бас бармақ пен сұқ саусақтың арасында абайлап үйкеңіз.
Не отмечено в инструкции по применению
Не отмечено в инструкции по применению
Линзаларды күтіп ұстаған кездегі сақтық шаралары
Линзалармен манипуляциялар жасаудың алдында әрқашан қолыңызды жуыңыз. Косметиканың, лосьонның, сабынның, кремнің, дезодаранттың, спрейдің көзге немесе линзаға түсуіне жол бермеңіздер. Дұрысы макияж жасаудың алдында кию керек. Майлы негіздегі бұйымға қарағанда сулы негіздегі косметиканың линзаларды зақымдау ықтималдығы аз; линзаларға қол тигізудің алдында саусақта немесе қолда бөгде материал жоқ екеніне көз жеткізіңіз, өйткені олар көрудің бұзылуын және/немесе көздің жарақаттануын туындата отырып линзаларда микроскопиялық сырылуларға әкелуі мүмкін; Әрқашан линзаларды абайлап ұстаңыз және оларды түсіріп алмауға тырысыңыз; линзаларға тырнақты тигізбеңіздер.

Қолдану кезіндегі сақтық шаралары
Келесі жағдайларда линзаларды пайдаланбаңыздар: көз алдыңғы қиығының жедел және жеделге жуық инфекциялық қабынуы; мөлдір қабықтың, конъюнктиваның немесе қабақтардың кез-келген ауруы немесе жарақаты; көз жасы өнімдерінің елеулі бұзылулары; мөлдір қабықтың гипоэстезиясы (мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі); жанаспалы линзаны тағумен асқынған кез-келген жүйелік аурулар: жанаспалы линзаларды тағумен және жанаспалы линзаларды тағудан асқынуы мүмкін көз бен айнала тіндердің кез-келген аурулары; Bausch+LombPureVision 2 күтімі үшін пайдаланылатын ерітінділер компоненттеріне аллергиялық реакциялар; Мөлдір қабықтың кез-келген (бактериялық, вирустық немесе зеңдік) инфекциялары; егер көздің қабынуы және инъекциялануы жағдайында.
Толық медициналық қарап тексеруден және анамнезді оқып зерттеуден кейін пациент жанаспалы линзаларды тағып жүру кезіндегі ықтимал қауіптер жөнінде хабарлдар болуы тиіс. Пациент: жанаспалы линзалармен проблемалар көздің елеулі зақымдануына әкелуі мүмкін екенін білуі тиіс. Мөлдір қабықтың аурулары, соның ішінде мөлдір қабықтың ойық жараларының жылдам дамуы және толықтай көре алмауға әкелуі мүмкін. Линзалар тек күндіз тағуға арналған пациенттер ұйқтаудың алдында шешу қажет екенін білуі тиіс. Линзаларды күтіп ұстаудың нұсқаулығын нақты орындау керек. Егер тағып жүргенде жайсыздық сезілсе, дереу шешіп алу және дәрігерге көріну қажет.
№ РК-ИМН-5№009871

Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. ""Бауш Хелс"" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5

Басқа өнімдер

Жұмсақ контактілі линзалар OPTIMA FW 4 дана - фото Жұмсақ контактілі линзалар OPTIMA FW 4 дана
Optima FW гидрогельді контактілі линзалар Polymakon материалынан жасалған, оның құрамында 38,6% ылғалдылық бар. Күнделікті немесе ұзақ мерзімді (7 күнге дейін) үздіксіз тозу кезінде көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды және дезинфекциялауды қажет етеді.

— Құрамында 38,6% ылғалдылық бар
— Екі негізгі қисықтық радиусы 8,4 және 8,7 мм.
— Құрамында силикон жоқ.
Толығырақ
Жұмсақ контактілі линзалар Bausch + Lomb ULTRA<sup class="reg">®</sup> 3 дана - фото Жұмсақ контактілі линзалар Bausch + Lomb ULTRA® 3 дана
Bausch+Lomb ULTRA® ай сайынғы силикон гидрогельді контактілі линзалар Samfilcon A гидрофильді силикон гидрогель материалынан жасалған, материалдың оттегі өткізгіштігі бар (Dk/t = 163) және құрамында 46% ылғалдылық бар. Күнделікті немесе ұзақ мерзімді (7 күнге дейін) үздіксіз тозу кезінде көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды және дезинфекциялауды қажет етеді.

— оттегінің өткізгіштігі 163 Дк/т
— Қазіргі заманғы жұмсақ контактілі линзалар.
— Құрамында 46% ылғалдылық бар
Толығырақ
Жұмсақ контактілі линзалар Bausch + Lomb ULTRA<sup class="reg">®</sup> 6 дана - фото Жұмсақ контактілі линзалар Bausch + Lomb ULTRA® 6 дана
Bausch+Lomb ULTRA® ай сайынғы силикон гидрогельді контактілі линзалар Samfilcon A гидрофильді силикон гидрогель материалынан жасалған, материалдың оттегі өткізгіштігі бар (Dk/t = 163) және құрамында 46% ылғалдылық бар. Күнделікті немесе ұзақ мерзімді (7 күнге дейін) үздіксіз тозу кезінде көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды және дезинфекциялауды қажет етеді.

— оттегінің өткізгіштігі 163 Дк/т
— Қазіргі заманғы жұмсақ контактілі линзалар.
— Құрамында 46% ылғалдылық бар
Толығырақ