Biotrue® ONEday күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар 90 дана.
Biotrue® ONEday — ылғалдылығы 78%-ға сәйкес келетін Nesofilcon A материалынан жасалған күнделікті жанаспалы линзалар. Biotrue® ONEday контактілі линза материалында көзіңізді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектесетін ингредиенттер де бар.
— Құрамында 78% ылғалдылық бар
— Күнделікті тазалауды қажет етпейді
— Құрамында силикон жоқ
Линзалар стерильді түрде жеткізіледі. Серилизациялау әдісі: автоклавтау.
Қолданылу саласы: офтальмология.
-Көздің алдыңғы камерасының жедел және өте жедел қабынуы немесе инфекциясы;
-Кез-келген көз ауруы, жарақат немесе мөлдірқабыққа, конъюнктиваға немесе қабаққа әсер ететін бұзылу;
-Көз жасы секрециясының ауыр жеткіліксіздігі (құрғақ көз синдромы);
-Мөлдірқабық гипоэстезиясы (мөлдірқабық сезімталдығының төмендеуі);
-Көзге әсер етуі немесе жанаспалы линзаларды тағу салдарынан дамуы мүмкін болатын кез-келген жүйелік ауру;
-Жанаспалы линзаларды тағу немесе жанаспалы линзаларына арналған ерітінділерді пайдалану салдарынан туындауы немесе асқынуы мүмкін болатын көздің немесе қоршаған тіндердің шырышты қабығының аллергиялық реакциялары;
Кез-келген белсенді мөлдірқабық инфекциясы (бактериялық, зеңдік немесе вирустық);
-Егер көз қызарса немесе тітіркенсе.
Линзаны қалай тағу керек:
Линзаны тағар алдында қолыңызды сабындап, ағынды сумен міндетті түрде жуыңыз. Қолыңызды талшық қалдырмайтын сүлгімен сүртіңіз немесе жай ғана кептіріңіз. Қолды таза және гигиеналық ұстау — жанаспалы линзаны қауіпсіз тағудың маңызды шарты екенін есіңізде сақтаңыз.
Линзаларды тағудың екі тәсілі бар.
Өзіңізге ыңғайлы біреуін пайдаланыңыз.
1. Линзаны оң қолдың сұқ саусағының төсеміне қойыңыз, линзаның ішіне қарай бұрылмағанын тексеріңіз. Сондай-ақ, линзаның таза және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Оң қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Көзіңізді жоғары қарай көтеріп, линзаны көздің ақ бөлігіне қарашықтан төмен абайлап салыңыз. Сұқ саусағыңызды линзадан алыңыз. Линзаны дәл ортаға әкелу үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартылған төменгі қабақты ақырын жіберіңіз. Линзаны жақсы отырғызу үшін көзіңізді қысқа уақытқа жұмыңыз. Қалыпты отырғызу өлшемі — көру жітілігінің жоғарылауы. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді екінші линзамен қайталаңыз.
2. Құтысынан оң линзаны шығарып алыңыз. Сол қолыңыздың ортаңғы саусағымен жоғарғы қабақты қастарға қарай тартыңыз. Линзаны оң қолдың сұқ саусағының төсеміне қойып, оң қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Сұқ саусағыңызбен линзаны көзге салыңыз. Қабақтарыңызды көрсетілген күйде ұстап, линзаны дәл ортасына келтіру үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартылған қабақтарыңызды ақырын босатыңыз. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді екінші линзамен қайталаңыз.
Линзаны қалай шешу керек:
Көзіңізді жоғары көтеріп, тиісті қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Сұқ саусақтың төсемін линзаның төменгі жиегіне қойыңыз. Линзаны төмен немесе бір жағына қарай жылжытыңыз. Линзаны бас бармақ пен сұқ саусақтың арасымен ақырын ұстап, көзден шешіп алыңыз.
— Егер сізде линзаның құрамына кіретін кез келген компоненттеріне аллергия болса, линзаны қолданбаңыз.
— Қаптамасы немесе линза зақымдалған болса, пайдалануға болмайды.
— Линзаны дәрігер ұсынғаннан немесе нұсқаулықта көрсетілгеннен ұзағырақ тақпаңыз.
— Жергілікті қолданылатын, көзге тамызуға арналған препараттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.
— Көздің инфекциялық зақымдануы кезінде қолдануға болмайды.
Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. "Бауш Хелс" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5
Басқа өнімдер
Biotrue® ONEday — ылғалдылығы 78%-ға сәйкес келетін Nesofilcon A материалынан жасалған күнделікті жанаспалы линзалар. Biotrue® ONEday контактілі линза материалында көзіңізді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектесетін ингредиенттер де бар.
— Құрамында 78% ылғалдылық бар
— Күнделікті тазалауды қажет етпейді
— Құрамында силикон жоқ