Biotrue® ONEday күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар 30 дана.

Biotrue<sup class="reg">®</sup> ONEday күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар 30 дана. - фото
Күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар бір күнге контактілі көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды, техникалық қызмет көрсетуді немесе сақтауды қажет етпейді. Бірінші рет линзаларды киетіндер үшін пайдалану оңайырақ.

Biotrue® ONEday — ылғалдылығы 78%-ға сәйкес келетін Nesofilcon A материалынан жасалған күнделікті жанаспалы линзалар. Biotrue® ONEday контактілі линза материалында көзіңізді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектесетін ингредиенттер де бар.

— Құрамында 78% ылғалдылық бар
— Күнделікті тазалауды қажет етпейді
— Құрамында силикон жоқ
Интернет-дәріханаға тапсырыс беру Нұсқаулықты жүктеп алу
Құрамы
Көруді түзетуге арналған жұмсақ бір күндік Bausch+Lomb® Biotrue ONEday (nesofilcon А) жанаспалы линзалары жұмсақ гидрофильді бір күндік жанаспалы линзалар болып табылады. Линзалар A несофилконынан (nesofilcon A), 2-гидроксиэтил метакрилатының гидрофильді кополимерінен және N-винил пирролидонынан жасалған. Оларды стерильді тұзды ерітіндіге батырған кезде олардың массасының 78% -ы су болады.
Линзалар стерильді түрде жеткізіледі. Серилизациялау әдісі: автоклавтау.
Сипаттамасы
Biotrue® ONEday — ылғалдылығы 78%-ға сәйкес келетін Nesofilcon A материалынан жасалған күнделікті жанаспалы линзалар. Biotrue® ONEday контактілі линза материалында көзіңізді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектесетін ингредиенттер де бар.
Көруді түзетуге арналған жұмсақ бір күндік Bausch+Lomb® Biotrue ONEday (nesofilcon А) жанаспалы линзалары көздің патологиялық емес өзгерістері, астигматизмі 2.00D немесе одан кем, қабылдап сезіну айқындығына әсер етпейтін афакиялық емес пациенттерде көруді жанаспалы түзетуге және рефракциялық аметропияны (алыстан көрмеу және жақыннан көрмеу) түзетуге арналған. Жанаспалы линзаны ұсынылған тағу мерзімі өткеннен кейін утилизациялау керек. Көруді түзетуге арналған жұмсақ бір күндік Bausch+Lomb® Biotrue ONEday (nesofilcon B) жанаспалы линзалары көп дегенде 1 күн/тәулік бойы тағуға арналған. Диоптрилігі +20,00D-ден -20,00D-ге дейінгі линзалар тағайындалуы мүмкін.
Қолданылу саласы: офтальмология.
Егер пациентте төмендегі құбылыстардың кез келгені байқалса, көруді түзетуге арналған жұмсақ бір күндік Bausch+Lomb® Biotrue ONEday (nesofilcon А) жанаспалы линзаларын пайдалануға болмайды:
-Көздің алдыңғы камерасының жедел және өте жедел қабынуы немесе инфекциясы;
-Кез-келген көз ауруы, жарақат немесе мөлдірқабыққа, конъюнктиваға немесе қабаққа әсер ететін бұзылу;
-Көз жасы секрециясының ауыр жеткіліксіздігі (құрғақ көз синдромы);
-Мөлдірқабық гипоэстезиясы (мөлдірқабық сезімталдығының төмендеуі);
-Көзге әсер етуі немесе жанаспалы линзаларды тағу салдарынан дамуы мүмкін болатын кез-келген жүйелік ауру;
-Жанаспалы линзаларды тағу немесе жанаспалы линзаларына арналған ерітінділерді пайдалану салдарынан туындауы немесе асқынуы мүмкін болатын көздің немесе қоршаған тіндердің шырышты қабығының аллергиялық реакциялары;
Кез-келген белсенді мөлдірқабық инфекциясы (бактериялық, зеңдік немесе вирустық);
-Егер көз қызарса немесе тітіркенсе.
Қолдану тәсілі: көздің мөлдірқабығымен жанасуы.
Линзаны қалай тағу керек:
Линзаны тағар алдында қолыңызды сабындап, ағынды сумен міндетті түрде жуыңыз. Қолыңызды талшық қалдырмайтын сүлгімен сүртіңіз немесе жай ғана кептіріңіз. Қолды таза және гигиеналық ұстау — жанаспалы линзаны қауіпсіз тағудың маңызды шарты екенін есіңізде сақтаңыз.
Линзаларды тағудың екі тәсілі бар.
Өзіңізге ыңғайлы біреуін пайдаланыңыз.
1. Линзаны оң қолдың сұқ саусағының төсеміне қойыңыз, линзаның ішіне қарай бұрылмағанын тексеріңіз. Сондай-ақ, линзаның таза және зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Оң қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Көзіңізді жоғары қарай көтеріп, линзаны көздің ақ бөлігіне қарашықтан төмен абайлап салыңыз. Сұқ саусағыңызды линзадан алыңыз. Линзаны дәл ортаға әкелу үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартылған төменгі қабақты ақырын жіберіңіз. Линзаны жақсы отырғызу үшін көзіңізді қысқа уақытқа жұмыңыз. Қалыпты отырғызу өлшемі — көру жітілігінің жоғарылауы. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді екінші линзамен қайталаңыз.
2. Құтысынан оң линзаны шығарып алыңыз. Сол қолыңыздың ортаңғы саусағымен жоғарғы қабақты қастарға қарай тартыңыз. Линзаны оң қолдың сұқ саусағының төсеміне қойып, оң қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Сұқ саусағыңызбен линзаны көзге салыңыз. Қабақтарыңызды көрсетілген күйде ұстап, линзаны дәл ортасына келтіру үшін көзіңізді төмен түсіріңіз. Тартылған қабақтарыңызды ақырын босатыңыз. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді екінші линзамен қайталаңыз.
Линзаны қалай шешу керек:
Көзіңізді жоғары көтеріп, тиісті қолдың ортаңғы саусағымен төменгі қабақты тартыңыз. Сұқ саусақтың төсемін линзаның төменгі жиегіне қойыңыз. Линзаны төмен немесе бір жағына қарай жылжытыңыз. Линзаны бас бармақ пен сұқ саусақтың арасымен ақырын ұстап, көзден шешіп алыңыз.
Не отмечено в инструкции по применению
Не отмечено в инструкции по применению
Сақтық шаралары
— Егер сізде линзаның құрамына кіретін кез келген компоненттеріне аллергия болса, линзаны қолданбаңыз.
— Қаптамасы немесе линза зақымдалған болса, пайдалануға болмайды.
— Линзаны дәрігер ұсынғаннан немесе нұсқаулықта көрсетілгеннен ұзағырақ тақпаңыз.
— Жергілікті қолданылатын, көзге тамызуға арналған препараттармен бір мезгілде пайдалануға болмайды.
— Көздің инфекциялық зақымдануы кезінде қолдануға болмайды.
№ РК-ИМН-5№013614

Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. "Бауш Хелс" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5

Басқа өнімдер

Biotrue<sup class="reg">®</sup> ONEday күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар 90 дана. - фото Biotrue® ONEday күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар 90 дана.
Күнделікті жұмсақ жанаспалы линзалар бір күнге контактілі көруді түзетуге арналған. Олар күнделікті тазалауды, техникалық қызмет көрсетуді немесе сақтауды қажет етпейді. Бірінші рет линзаларды киетіндер үшін пайдалану оңайырақ.

Biotrue® ONEday — ылғалдылығы 78%-ға сәйкес келетін Nesofilcon A материалынан жасалған күнделікті жанаспалы линзалар. Biotrue® ONEday контактілі линза материалында көзіңізді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектесетін ингредиенттер де бар.

— Құрамында 78% ылғалдылық бар
— Күнделікті тазалауды қажет етпейді
— Құрамында силикон жоқ
Толығырақ