Көпфункционалды ерітінді ReNu® MultiPlus 60 мл
— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Құрамында ылғалдандыратын компоненттер бар.
— Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.
Ерітінді жұмсақ жанаспалы линзаларды тағу үдерісінде түзілген үлбірді, шөгіндіні немесе ластануды тазартады, жұмсартады және алып тастайды. Линза беткейінде тұрған патогенді микроорганизмдерді жояды. Линзаларды тағар алдында шаю, сақтау және ылғалдау үшін пайдаланылады.
Тазарту мен сақтау үшін төменде келтірілген қарапайым ережелерді ұстаныңыз.
1 қадам
Линзаның әрбір беткейіне ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісінің 3 тамшысын тамызыңыз және 20 секунд бойы жұмсақ сүртіңіз.
2 қадам
Линзаның әрбір жағын ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісімен мұқият жуыңыз.
3 қадам
Тазартылған жанаспалы линзаны контейнердің линзаларға арналған тиісті бөлігіне салыңыз және оны ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісінің жаңа дайындалған порциясымен толтырыңыз. Кемінде 4 сағатқа қалдырыңыз. Әрқашан тек жаңа алынған ерітіндіні пайдалану керектігін есте сақтаңыз. Физиологиялық ерітіндімен жуу қажет емес. Егер линзаларда қылпық қалып қойса оларды ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісімен жуу керек.
Әрқашан офтальмолог-дәрігердің ұсыныстарын ұстаныңыз. Офтальмолог-дәрігер сіздің көз жасы сұйықтығыңыздың химиялық құрамына және линзаларды тағу режиміңізге байланысты қосымша заттарды немесе жанаспалы линзалардың күтімі жөніндегі қосымша шараларды ұсынуы мүмкін.
• Әрқашан препаратты қолдану жөніндегі нұсқауларды ұстаныңыз. Қолдану жөніндегі нұсқауларды бұзу көрудің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
• Әрқашан өз офтальмологыңызға ұдайы көрініңіз.
• Линзалармен манипуляциялау кезінде қолыңызды әрқашан жуыңыз және сүртіңіз.
• Линзаларды немесе контейнердің күтімі үшін құбыр астындағы, бөтелкеге құйылған суды немесе сілекейді пайдалануға болмайды.
• Жанаспалы линзаларды тазарту мен дезинфекциялау үшін тек жаңа ерітіндіні пайдалану керек.
• Дезинфекциялаудың әрбір циклы үшін әрқашан қалып қойған ерітіндіні контейнерден төгіп тастаңыз.
• Сілекей немесе ылғалдағыш тамшылар линзаларды дезинфекцияламайды.
• Ерітінділер мен линзаларды ауыстыруды әрқашан ұсыныстарға сәйкес жүргізу керек.
• Линзаларға арналған контейнерді айына бір рет ауыстыру керек.
• Инфекция жұқтырудан аулақ болу үшін құтының ұшын қандай да бір беткейге тигізбеңіз. Әрбір пайдаланудан кейін құтыны қақпағымен жауып қойыңыз.
• Егер оны дәрігер жазып бермесе басқа дәрілік препараттарды бұл ерітіндімен үйлестіріп қолдануға болмайды.
• Жылулық (термиялық) дезинфекция үшін пайдалануға болмайды.
• Егер ол пайдаланылмайтын болса, құтыны тығыз жабулы күйінде сақтау керек.
• Құтыда көрсетілген жарамдылық мерзімі өткенге дейін пайдалану керек.
• Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
• Бөлме температурасында сақтау керек
МАҢЫЗДЫ: Ұзақ немесе күшейе түскен тітіркену де немесе көзден жас ағуында, сондай-ақ көрудің өзгеруінде ерітіндіні қолдануды дереу тоқтатыңыз және офтальмологпен кеңесіңіз.
Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. ""Бауш Хелс"" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5
Басқа өнімдер
Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.
— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.
— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
- Үш дезинфекциялық құрал кіреді
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.
- Үш дезинфекциялық құрал кіреді
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.