Көпфункционалды ерітінді ReNu® MultiPlus 240 мл

Көпфункционалды ерітінді ReNu<sup class="reg">®</sup> MultiPlus 240 мл - фото
ReNu MultiPlus® тозу кезінде жұмсақ жанаспалы линзалардың бетінде пайда болатын биофильмдерді, ақуыз шөгінділерін және басқа ластаушы заттарды тазалауға, дезинфекциялауға және жоюға арналған. Линзалар бетіндегі патогендік микроорганизмдерді жоюға көмектеседі. Сондай-ақ жұмсақ контактілі линзаларды шаю, сақтау және ылғалдандыру үшін қолданылады.

— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Құрамында ылғалдандыратын компоненттер бар.
— Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.
Интернет-дәріханаға тапсырыс беру Нұсқаулықты жүктеп алу
Құрамы
Жұмсақ жанаспалы линзаларға күтім жасауға арналған 60 мл, 120 мл, 240 мл, 360 мл құтылардағы, жанаспалы линзаларды сақтауға арналған контейнері бар әмбебап стерильді «Bausch & Lomb ReNu MultiPlus» ерітіндісі құрамында натрий хлориді, бор қышқылы, Dymed (полиаминопропил бигуанид) 0,0001%; динатрий эдетаты, полоксамин 1%, Hydranate® (гидроксиалкил фосфонат) 0,03%, натрий бораты, тазартылған су бар стерильді изотониялық ерітінді болып табылады.
Сипаттамасы
ReNu MultiPlus® тозу кезінде жұмсақ жанаспалы линзалардың бетінде пайда болатын биофильмдерді, ақуыз шөгінділерін және басқа ластаушы заттарды тазалауға, дезинфекциялауға және жоюға арналған. Линзалар бетіндегі патогендік микроорганизмдерді жоюға көмектеседі. Сондай-ақ жұмсақ контактілі линзаларды шаю, сақтау және ылғалдандыру үшін қолданылады.
Жұмсақ жанаспалы линзаларға күтім жасауға арналған 60 мл, 120 мл, 240 мл, 360 мл құтылардағы, жанаспалы линзаларды сақтауға арналған контейнері бар әмбебап стерильді «Bausch & Lomb ReNu MultiPlus» ерітіндісі сіздің офтальмологыңыздың ұсыныстарына сәйкес жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзаларды күнделікті тазартуға, протеинді жинақталуларын алып тастауға, шаюға, химиялық (термиялық емес) дезинфекциялауға және сақтауға арналған.
Ерітінді жұмсақ жанаспалы линзаларды тағу үдерісінде түзілген үлбірді, шөгіндіні немесе ластануды тазартады, жұмсартады және алып тастайды. Линза беткейінде тұрған патогенді микроорганизмдерді жояды. Линзаларды тағар алдында шаю, сақтау және ылғалдау үшін пайдаланылады.
Ерітіндінің қандай да бір компонентіне аллергия пайда болғанда пайдаланбау керек.
Қолдану тәсілі
Тазарту мен сақтау үшін төменде келтірілген қарапайым ережелерді ұстаныңыз.
1 қадам
Линзаның әрбір беткейіне ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісінің 3 тамшысын тамызыңыз және 20 секунд бойы жұмсақ сүртіңіз.
2 қадам
Линзаның әрбір жағын ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісімен мұқият жуыңыз.
3 қадам
Тазартылған жанаспалы линзаны контейнердің линзаларға арналған тиісті бөлігіне салыңыз және оны ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісінің жаңа дайындалған порциясымен толтырыңыз. Кемінде 4 сағатқа қалдырыңыз. Әрқашан тек жаңа алынған ерітіндіні пайдалану керектігін есте сақтаңыз. Физиологиялық ерітіндімен жуу қажет емес. Егер линзаларда қылпық қалып қойса оларды ReNu MultiPlus әмбебап ерітіндісімен жуу керек.
Әрқашан офтальмолог-дәрігердің ұсыныстарын ұстаныңыз. Офтальмолог-дәрігер сіздің көз жасы сұйықтығыңыздың химиялық құрамына және линзаларды тағу режиміңізге байланысты қосымша заттарды немесе жанаспалы линзалардың күтімі жөніндегі қосымша шараларды ұсынуы мүмкін.
САҚТАНДЫРУЛАР: ЖАНАСПАЛЫ ЛИНЗАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ КҮТІМІНЕ АРНАЛҒАН ЗАТТАРДЫ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАҒАН КЕЗДЕ МӨЛДІР ҚАБЫҚҚА ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ КӨРУДІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ ӘКЕЛЕТІН МӨЛДІР ҚАБЫҚТЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН.
Не отмечено в инструкции по применению
Қолдану кезіндегі сақтық шаралары
• Әрқашан препаратты қолдану жөніндегі нұсқауларды ұстаныңыз. Қолдану жөніндегі нұсқауларды бұзу көрудің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.
• Әрқашан өз офтальмологыңызға ұдайы көрініңіз.
• Линзалармен манипуляциялау кезінде қолыңызды әрқашан жуыңыз және сүртіңіз.
• Линзаларды немесе контейнердің күтімі үшін құбыр астындағы, бөтелкеге құйылған суды немесе сілекейді пайдалануға болмайды.
• Жанаспалы линзаларды тазарту мен дезинфекциялау үшін тек жаңа ерітіндіні пайдалану керек.
• Дезинфекциялаудың әрбір циклы үшін әрқашан қалып қойған ерітіндіні контейнерден төгіп тастаңыз.
• Сілекей немесе ылғалдағыш тамшылар линзаларды дезинфекцияламайды.
• Ерітінділер мен линзаларды ауыстыруды әрқашан ұсыныстарға сәйкес жүргізу керек.
• Линзаларға арналған контейнерді айына бір рет ауыстыру керек.
• Инфекция жұқтырудан аулақ болу үшін құтының ұшын қандай да бір беткейге тигізбеңіз. Әрбір пайдаланудан кейін құтыны қақпағымен жауып қойыңыз.
• Егер оны дәрігер жазып бермесе басқа дәрілік препараттарды бұл ерітіндімен үйлестіріп қолдануға болмайды.
• Жылулық (термиялық) дезинфекция үшін пайдалануға болмайды.
• Егер ол пайдаланылмайтын болса, құтыны тығыз жабулы күйінде сақтау керек.
• Құтыда көрсетілген жарамдылық мерзімі өткенге дейін пайдалану керек.
• Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
• Бөлме температурасында сақтау керек
МАҢЫЗДЫ: Ұзақ немесе күшейе түскен тітіркену де немесе көзден жас ағуында, сондай-ақ көрудің өзгеруінде ерітіндіні қолдануды дереу тоқтатыңыз және офтальмологпен кеңесіңіз.
№ РК-ИМН-5№010187

Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. ""Бауш Хелс"" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5

Басқа өнімдер

Biotrue<sup class="reg">®</sup> әмбебап ерітіндісі 120 мл - фото Biotrue® әмбебап ерітіндісі 120 мл
Biotrue® ерітіндісі барлық жұмсақ жанаспалы линзаларды, гидрогельді де, силиконды гидрогельді де тазалауға, дезинфекциялауға, ылғалдандыруға және сақтауға арналған.

Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.

— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
Толығырақ
Biotrue<sup class="reg">®</sup> әмбебап ерітіндісі 300 мл - фото Biotrue® әмбебап ерітіндісі 300 мл
Biotrue® ерітіндісі барлық жұмсақ жанаспалы линзаларды, гидрогельді де, силиконды гидрогельді де тазалауға, дезинфекциялауға, ылғалдандыруға және сақтауға арналған.

Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.

— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
Толығырақ
Әмбебап көп функционалды ерітінді  ReNu® Advanced 100 мл - фото Әмбебап көп функционалды ерітінді ReNu® Advanced 100 мл
ReNu® Advanced – жұмсақ контактілі линзаларды күнделікті дезинфекциялауға, тазалауға және ылғалдандыруға арналған әмбебап, көп функциялы шешім. Кешенді дезинфекциялау үшін үш дезинфекциялық құрал енгізілген.

- Үш дезинфекциялық құрал кіреді
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.
Толығырақ
Әмбебап көп функционалды ерітінді  ReNu® Advanced 360 мл - фото Әмбебап көп функционалды ерітінді ReNu® Advanced 360 мл