Балаларға арналған ЛЮТЕИН-КОМПЛЕКС® орташа массасы 780 мг, 30 шайнайтын таблетка.
Лютеин, зеаксантин, ликопин. Лютеин көз бұршағында және торлы қабықтың орталық (макулярлық) аймағында жиналады. Лютеин мен зеаксантин жарық сүзгісінің функцияларын орындайды және көздің маңызды құрылымдарын күндізгі жарық спектрінің ең жебір, көк бөлігінің әсерінен қорғайды. Ликопин пигментті эпителийде, тамырлы қабықта және көздің цилиялық денелерінде жиналады. Антиоксиданттық белсенділігі жоғары ликопин торлы қабықты жарықтың жойқын әсерінен қорғап, көз тамырларының саулығын сақтайды.
Қаражидек жемісінің сығындысы. Құрамында жарыққа төзбейтін родопсин пигментін қалпына келтіруге қатысатын антоциандар бар және олар осылайша қараңғыда көру қабілетін арттыра отырып, әртүрлі жарық деңгейлеріне бейімделуді жақсартады.
Таурин. Көз торына қажет амин қышқылы. Таурин түнде жиналып, қарқынды жарық түскенде немесе көз талғанда шығындалады. Сондықтан көз шаршағанда таурин қажет. Көз тіндеріндегі зат алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі.
А дәрумені. Түстерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Тотықтыру-қалпына келтіру процестерінде және көз үшін маңызды заттар синтезінде маңызды рөл атқарады.
Е дәрумені. Зақымдалған жасушалар регенерациясын тездетуге көмектеседі, тіндердің тыныс алуына және метаболизмнің басқа да маңызды процестеріне қатысады. Капиллярлардың қатты сынғыштығы мен өткізгіштігіне кедергі жасайды.
С дәрумені. Антиоксиданттардың (лютеин, зеаксантин, антоциандар) әсер ету тиімділігін арттыруға ықпал етеді, бұл торлы қабықтағы көру пигменттерінің қалпына келуін тездетуге септігін тигізеді.
Мырыш. Көздің торлы, тамырлы және нұрлы қабықтарында кездеседі. А дәрумені деңгейін сақтауға көмектеседі.
ББҚ. Дәрілік зат болып табылмайды. НЕГІЗГІ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРМЕН ТАНЫСЫП ШЫҒУ КЕРЕК
Басқа өнімдер
Гиалурон қышқылының жоғары концентрациясы - 0,24%. Арнайы мөлшерлегіш күміс серіппе есебінен бактерияларды өткізбейді. Консерванттарсыз
1. Көз құрғақтығының белгілерін дереу және ұзақ мерзімге әлсіретеді.
2. Арнайы мөлшерлегіш күміс серіппе есебінен бактерияларды өткізбейді.
3. Буферлер мен консерванттар жоқ