Әмбебап көп функционалды ерітінді BOSTON™ Simplus 120 мл
Жұмсақ контактілі линзаларды күту үшін қолданбаңыз!
- Бір бөтелкеде өңдеудің үш кезеңі
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Қатты контактілі линзаларды дезинфекциялайды, тазартады және ылғалдандырады.
Құрамы: стерильді буферлік ерітінді, оның құрамына тазартылған су, полоксамин, гидроксиалкилфосфанат, бор қышқылы, натрий бораты, натрий хлориді, гидроксипропилметилцеллюлоза, глюкам, сондай-ақ консерванттар: хлоргексидин глюконаты (0,003%), полиаминопропил бигуанид (0,0005%) кіреді.
Boston Simplus көп функционалды ерітіндісі линзалардың бетінен ақуыздар мен липидтерді кетіреді, сондай-ақ оларда берік шөгінділердің түзілуін болдырмайды. Бұл ерітінді линзаларды шаюға да арналған, сөйтіп олардағы қопсыған шөгінділерді кетіреді.
Арнайы мультиполимерлік жүйе линзаны кондиционерлейді, бұл оның жақсы жылжуын және біркелкі ылғалдануын қамтамасыз етеді. Патенттелген ылғалдандырушы агент линзаның ылғалдылығын сақтап тұрады. Бұл құрам сіздің көздеріңізді тыныштандырушы әсермен қамтамасыз ету үшін әзірленген. Сондай-ақ оның құрамында зиянды микроорганизмдерді жоюдағы тиімділігі дәлелденген консерванттар бар. Бұл ерітінді тазалауға да, дезинфекциялауға да тиімді, және линзаларды таққан кезде көзді тітіркендірмейді.
Құтының мойнындағы қорғаныш сақинасын алып тастаңыз. Егер құтының мойнындағы қорғаныш сақинасы сынған немесе мүлде жоқ болса, ерітіндіні пайдаланбаңыз.
1. Тиісті түрде дезинфекцияланғанына сенімді болу үшін, төменде келтірілген барлық нұсқауларды орындау керек: қолыңызды жұмсақ сабынмен жуыңыз (Сақ болыңыз – сұйық сабынның құрамында май негізіндегі суспензия болуы мүмкін).
2. Линзаларды бос таза контейнерге салып, жаңа көп функционалды Boston Simplus ерітіндісімен толтырыңыз. Тағардың алдында линзаларды ерітіндіде, кем дегенде, төрт (4) сағатқа немесе түні бойы қалдырыңыз.
3. Суланғаннан кейін линзаларды контейнерден шығарып алып, алақандағы линзалардың екі жағын да көп функционалды Boston Simplus ерітіндісінің екі (2) - төрт (4) тамшысымен жиырма (20) секунд бойы мұқият сүртіңіз. Күн сайын тазалайтын қосымша ерітінді қажет емес.
4. Линзаларды тағар алдында бес секунд бойы Boston Simplus ерітіндісінің ағыны астында шайыңыз. Назар аударыңыз: сумен шаю қажет емес.
5. Әр пайдаланған сайын контейнерді ыстық сумен жақсылап жуып, ауада кептіріңіз. Назар аударыңыз: микробпен ластанбау үшін, құтының ұштығын қандай да бір заттарға тигізбеңіз. Құтыны пайдаланбайтын кезде тығыз жабылған күйде ұстаңыз.
- Егер Сізде осы ерітіндінің кез келген компонентіне аллергия болса, ерітіндіні пайдаланбаңыз.
- Жұмсақ жанаспалы линзалармен пайдалануға болмайды.
- Линзаларды күтіп ұстаудың өз маманыңыз ұсынған шараларын орындау керек.
- Бұл шараларды орындамау көздің күрделі инфекцияларына әкеліп соғуы мүмкін.
- Құтының ұштығын әлдебір заттарға, сондай-ақ көзге тигізбеңіз, өйткені бұл ерітіндінің микробтық ластануына әкелуі немесе көзге зиян келтіруі мүмкін.
- Линзалармен кез келген әрекеттерді жасар алдында әрдайым қолдарыңызды жуыңыз.
- Ерітіндіні ешқашанда қайта пайдаланбаңыз. Әрқашан линзаларды тазалауға және дезинфекциялауға жаңа ерітіндіні пайдаланыңыз.
- Микробтан ластануына немесе булануына жол бермеу үшін, құтыны пайдаланбайтын кезде жабық күйінде ұстаңыз.
- Офтальмологпен кеңеспей бұл ерітіндімен бірге қандай да бір көз дәрілерін пайдаланбаңыз.
- Линзаларға арналған контейнер көздің микробтық ластануының және тітіркенуінің себепкері болуы мүмкін. Контейнерді күн сайын жанаспалы линзаларға арналған тазалағышпен жуу, ыстық сумен шаю және ашық күйінде ауада кепттіріп қою керек. Контейнерді әр 30 күн сайын ауыстырып тұру керек.
Тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиян тигізуі мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар. ""Бауш Хелс"" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A26T9G0, Қажы Мұқан көш. 22/5
Басқа өнімдер
Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.
— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
Biotrue® — жанаспалы линзалар бетіндегі және сақтау контейнерінің қабырғаларындағы шөгінділер мен биофильмдерді кетіруге көмектесетін әмбебап шешім. Дезинфекция екі белсенді компоненттің — полиаминопропил бигуанид пен поликватерниумның қосындысының арқасында жүзеге асырылады, олардың кең спектрі бар, оның ішінде грам-теріс бактерияларға қарсы белсенділік.
— Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
— Қосарлы дезинфекциялық жүйе
— Құрамында гиалуронан (натрий гиалуронаты) бар.
- Үш дезинфекциялық құрал кіреді
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.
- Үш дезинфекциялық құрал кіреді
- Қаптаманың ішіндегі линзаларға арналған контейнер.
- Жұмсақ контактілі линзаларды дезинфекциялайды және тазартады.