Флоксал 0,3% көзге арналған жақпамай, 3 гр туба

Флоксал 0,3% көзге арналған жақпамай, 3 гр туба - фото
Микробтарға қарсы препараттар. Фторхинолон. Офлоксацин.
Интернет-дәріханаға тапсырыс беру Нұсқаулықты жүктеп алу
Құрамы
1 грамм жақпамайдың құрамында: белсенді зат – 3,0 мг микрондалған офлоксацин қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин, ақ вазелин
Сипаттамасы
Микробтарға қарсы препараттар. Офлоксацин бактерицидтік әсері бар фторхинолон болып табылады
Офлоксацинге сезімтал патогендік микроорганизмдерден туындаған, көздің алдыңғы сегментінің инфекцияларында:
- созылмалы конъюнктивитте
- кератитте
- офлоксацинге және препараттың қосымша компоненттеріне немесе кез келген басқа хинолондарға аса жоғары сезімталдық;
- бактериялық емес созылмалы конъюнктивит
- жүктілік, лактация кезеңі
- 1 жасқа дейінгі балаларға
1 см (0,12 мг) жақпамай жолағын ауру көздің төменгі қабағына салады, күніне 2-3 рет. Емдеу ұзақтығы 2 аптаға дейін. Хламидий инфекциясы жағдайында – 4 апта бойы күніне 5-6 рет
Офлоксацинді жүйелі қолданғаннан кейінгі ауыр реакциялар сирек кездеседі және симптомдардың көпшілігі қайтымды. Офлоксациннің аздаған мөлшері жергілікті қолданудан кейін жүйелі түрде сіңірілетіндіктен, жүйелі қолдану кезінде хабарланған жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.

Өте жиі
жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жиі
көздің тітіркенуі, көзде жеңіл ашып ауыру және жайсыздық сезімі, суперинфекциялардың дамуы, мөлдір қабық инфильтрациясы

Жиі емес
уақытша шаншу, тамызғаннан кейін аздаған ауыру, жарыққа сезімталдық

Сирек
мөлдір қабықтағы шөгінділер (әсіресе мөлдір қабықтың зақымдануы бұрыннан бар болған жағдайда)

Белгісіз
жоғары сезімталдық реакциясы, соның ішінде көздің аллергиялық белгілері немесе симптомдары (мысалы, көздің қышуы және қабақтың қышуы) және анафилаксиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, ентігу, анафилаксиялық шок, ауыз жұтқыншақтың ісінуі, беттің ісінуі және тілдің ісінуі), бас айналу, кератит, конъюнктивит, көздің қарығуы, көзден жас ағу, көру жітілігінің нашарлауы, көзде бөгде заттың сезілуі, көздің құрғауы, көз гиперемиясы, периорбитальді ісіну, қарыншалық аритмия (әсіресе QT аралығының ұзаруы үшін қауіп факторлары бар пациенттерде), жүрек айнуы, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, сіңірлердің үзілуі
Флоксалды құрамында мырыш/ алюминий/магний бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда офлоксациннің сіңуі төмендейді.
Препаратты көзге тамызатын басқа дәрілермен/жақпамайлармен бірге пайдаланғанда, ең кемінде, 15 минут аралықпен қолдану керек. Кез келген жағдайда жақпамайды соңғы кезекте қолдану керек.
Флоксалды, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартуға қабілетті препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Препаратты тек жергілікті қолдану керек, субконъюнктивальді түрде немесе көздің алдыңғы камерасына қолдануға болмайды.
Аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксиялық / анафилактоидты) елеулі және кейде өлімге әкелетін реакциялары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері офлоксацинді қоса, жүйелік хинолондарды қабылдайтын пациенттерде бірінші дозадан кейін пайда болды. Кейбір реакциялар жүрек-қан тамырларының бұзылуымен, сананың естен танумен, ангионевроздық ісінумен (көмекейдің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының обструкциясымен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрді. Жергілікті офтальмологиялық дәрі қабылдаған пациентте Стивенс-Джонсон синдромының сирек көрінісі туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакциялары дамыған кезде шұғыл емдеу қажет.

Жүрек бұзылыстары
QT аралығын ұзарту қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде фторхинолондарды пайдалану кезінде сақ болу керек, мысалы:
- ұзарған QT аралығының туа біткен синдромы
- QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдау (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы дәрілер, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттердің түзетілмеген теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, брадикардия)
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін. Осылайша, халықтың осы топтарында фторхинолондарды қолданған кезде сақ болу керек.
Мөлдір қабықтың эпителиальді ақаулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі мөлдір қабықта тесілудің даму қаупі бар (әсіресе қабынуға қарсы стероидты және стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда).
Микробтарға қарсы қолданылатын барлық дәрілер сияқты, Флоксалды ұзақ қолдану резистентті микроорганизмдердің, соның ішінде зеңдердің өсуіне әкелуі мүмкін. Егер инфекциялық көріністер нашарлай бастаса немесе белгілі бір кезең өткеннен кейін клиникалық жақсаруы байқалмаса, препаратты пайдалануды тоқтатып, баламалы ем тағайындау қажет.
Хинолондарды қолданған кезде тендинит байқалады, ол сіңірлердің үзілуіне әкелуі мүмкін. Егде жастағы пациенттер тендиниттің дамуына көбірек бейім. Фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупі глюкокортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін.
Жақпамайдың құрамында болатын ланолин жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматитті) туындатуы мүмкін.
Офлоксацинді пайдалану кезінде ықтимал жарыққа сезімталдыққа байланысты күн сәулесінің немесе УК-сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек.
Көз инфекциясынан ем алып жүрген пациенттерде жанаспалы линзаларды пайдалану ұсынылмайды.

Балаларда қолдану
Бір жасқа дейінгі нәрестелердегі қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.
Жаңа туылған нәрестелердегі конъюнктивитті емдеуде офлоксациннің тиімділігі мен қауіпсіздігін анықтау үшін деректер өте шектеулі.

Жүктілік
Жүктілік кезінде офлоксацинді пайдалану туралы жеткілікті деректер жоқ, осыған байланысты жүкті әйелдерге офлоксацинді пайдалану ұсынылмайды.

Лактация
Офлоксациннің және жүйелік түрде қабылданатын басқа да хинолондардың емшек сүтіне ену, және емшек еміп жүрген бала үшін потенциалды қаупі бар болғандықтан, препаратты ананың қолдануы қажет екендігін назарға ала отырып, емшек емізуді уақытша тоқтатуға немесе препаратты енгізуге қарамай-ақ шешім қабылдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері. 
Көзге тамызатын жақпамайды қолданудан кейін көру жітілігі уақытша нашарлайды, мұны автомобиль жүргізгенде және механизмдермен жұмыс жасағанда ескеру қажет.
ҚР-ДЗ-5№004829 27.07.2017ж.бастап, мерзімсіз.

ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН.

Басқа өнімдер

Артелак® Бүрку Офтальмологиялық  ылғалдандыратын ерітіндісі, 10 мл құты - фото Артелак® Бүрку Офтальмологиялық ылғалдандыратын ерітіндісі, 10 мл құты
Көздің алдыңғы беткейін қарқынды және ұзақ уақыт ылғалдау үшін.
Гиалурон қышқылының жоғары концентрациясы - 0,24%. Арнайы мөлшерлегіш күміс серіппе есебінен бактерияларды өткізбейді. Консерванттарсыз
Толығырақ
Артелак<sup class="reg">®</sup> Офтальмологиялық  ылғалдандыратын ерітіндісі, 10 мл құты - фото Артелак® Офтальмологиялық ылғалдандыратын ерітіндісі, 10 мл құты
Жетілдірілген формула жақсы төзімділікке ие және көз жасы қабықшасының барлық үш қабатын қорғайды
1. Көз құрғақтығының белгілерін дереу және ұзақ мерзімге әлсіретеді.
2. Арнайы мөлшерлегіш күміс серіппе есебінен бактерияларды өткізбейді.
3. Буферлер мен консерванттар жоқ
Толығырақ
Визлея орташа салмағы 810 мг жұмсақ желатинді капсулалар. - фото Визлея орташа салмағы 810 мг жұмсақ желатинді капсулалар.
Биологически активная добавка к пище европейского производства для поддержки сетчатки с добавлением троксерутина для укрепления сосудов глаз.
Толығырақ
Корнерегель	Көзге арналған гель 5%, туба 10 гр.  - фото Корнерегель Көзге арналған гель 5%, туба 10 гр.
Мөлдір қабықтың протекторы. Мөлдір қабықтың регенерациялану процестерін стимуляциялайды. Қабынуға қарсы әсер етеді.Құрамында ең жоғарғы концентрациядағы 5% декспатенол бар¹
Толығырақ