Пантенол 4,63% сыртқа қолдануға арналған көбік
белсенді зат - декспантенол 4,63 г.
қосымша заттар: цетостеарил спирті ( А типі), эмульгациялайтын, жеңіл сұйық балауыз (2-этилгексил лаурат), жеңіл сұйық парафин, асқын сірке қышқылы1, 5.5 бар пропеллент2, тазартылған су.
1100 г құрамында: асқын сірке қышқылы - 36.9 г, сутегі пероксиді-14.8 г, сірке қышқылы-18.0 г, су - 30.3г
2 100 г құрамында: пропан - 45.0 г, бутан - 52.0 г, изобутан - 3.0 г
Пантенол теріні терең ылғалдандырып, ылғалды сақтайды және терінің кебуіне жол бермейтін қорғаныс қабатын құрайды. Қалпына келтіретін қасиеттерінің арқасында, қабынуды азайтады, тітіркенген теріні тыныштандырады және оның серпімділігі мен жұмсақтығын қалпына келтіруге көмектеседі.
Отбасының барлық мүшелеріне қолдануға болады және ол нәрестелердің сезімтал терісіне де жарамды. Көбік түрінде оңай жағылады, тез сіңеді және терінің бетінде іздері қалмайды
- механикалық, химиялық, температуралық факторлардан немесе хирургиялық араласулардан кейін туындаған тері қабаты тұтастығының бұзылуы;
- шығу тегі әртүрлі күюлер, оның ішінде күнге және термикалық;
- сызаттар, сыдырылулар, жарақаттар, ойылулар;
- терідегі қабыну үдерістері: буллезді және күлбіреуік дерматиттер, баздану, фурункулдар, аяқтың трофикалық ойық жаралары;
- асептикалық операциядан кейінгі жаралар;
- кірігуі нашар тері трансплантаттары;
- емізетін аналарда: сүт бездері ұшының сызаттануы және қабынуы профилактикасы және емдеу;
- емшектегі балаларды күту үшін: емшектегі балалардағы баздануды емдеу және алдын алу үшін, ұсақ зақымданулар кезіндегі терінің жазылу үдерісін белсендіру, жөргектен болған эритемаларда.
– аллергиялық жанаспалы дерматит
– қышыну немесе бөртпе
Жүктілік
Декспантенолды жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті уыттылыққа қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерлерді көрсетпейді.
Емшек емізу
Пантотенат плацента арқылы белсенді тасымалдану арқылы өтеді және емшек сүтімен ағзаға түсуіне пропорционалды түрде шығарылады.
Фертильділік
Декспантенолдың адам фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:
Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН КЕЛТІРУІ МҮМКІН.
Басқа өнімдер
- Қосарланған әсер – жараларды емдейтін және микробқа қарсы
- Құрамында күміс иондары бар
- терінің барлық дәрежедегі күйіктері (соның ішінде сәулеленyден болған)
- тесілулерде
- балтырдың трофикалық ойық жараларында.
Күміс иондарының арқасында антибактериалды әсері күшейтілген.
Аргосульфан инфекцияларды жергілікті емдеуге қолданылады, жараның жазылуын тездетіп, бактериялардың таралуын болдырмайды.
- суық тию мен тұмаудың 7 симптомына қарсы
- ересектерге және 3 жастан асқан балаларға арналған*
*МаксиГриппин 3 жастан асқан балаларға арналған