enVista

enVista - фото
enVista интраокулярлық линзасы.
ШЫҒАРУ НЫСАНЫ
ДИОПТРИЯЛЫҚ ҚАТАР
0,00-ден +34,00 D дейін
0,00-ден +10,00 D | қадамы 1,00 D
+10,00-ден +30,00 D | қадамы 0,5 D
+30,00-ден +34,00 D | қадамы 1,00 D
СИПАТТАМАСЫ
МАТЕРИАЛЫ
  • Глистенингсіз гидрофобты акрил
  • УФ-сүзгі
  • Рефракциялық индекс 1,53

ДИЗАЙНЫ
  • Монофокальды оптика, асфералық, аберрациясыз, қос дөңес
  • Өзгертілген С-тәрізді гаптика дизайны
  • ПЗК алдын алу үшін 360° шаршы жиек
  • Фенестрациялық саңылаулары бар гаптика
  • Оптика диаметрі 6 мм
  • Жалпы диаметрі 12,5 мм
enVista интраокулярлық линзасы ультракүлгін сәулеленуді сіңіретін икемді гидрофобты акрил артқы камералы линза болып табылады. Қолдану көрсетілімдері. EnVista интраокулярлық линзалары (ИОЛ) катаракталық жанарды алып тастауға байланысты афакия кезінде ересектердің көру қабілетін түзету мақсатында алғашқы имплантациялауға арналған. Линза капсулалық қапшыққа орналастыруға арналған. ИОЛ enVista асфералық оптикаға ие. Оның конструкциясы сфералық аберрацияның болмауын қамтамасыз етеді. Қолдану саласы: офтальмология, офтальмохирургия.
Төмендегі кез келген жағдайда линзаны имплантациялаудың орындылығын бағалайтын дәрігерлер ықтимал тәуекел мен пайда арақатынасын талдауы керек.
  1. Алдыңғы немесе артқы сегменттің қайталанатын айқын қабынуы немесе увеит.
  2. Пациентте ИОЛ болуы артқы сегмент ауруларын бақылау, диагностикалау немесе емдеу мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін.
  3. Асқыну ықтималдығын арттыратын катаракта экстракциясы кезіндегі хирургиялық сипаттағы қиындық (мысалы, үздіксіз қан кету, нұрлы қабықтың айтарлықтай зақымданулары, бақыланбайтын оң қысым, айтарлықтай пролапс немесе шыны тәрізді дененің жоғалуы).
  4. Бұрын болған жарақат нәтижесінде көздің деформациясы немесе ИОЛ-ды дұрыс ұстау мүмкін болмайтын даму ақауы.
  5. Имплантация кезінде эндотелийдің зақымдануына әкеле алатын факторлар.
  6. Микробтық инфекцияға күдік.
  7. 2 жасқа дейінгі балаларға ИОЛ имплантациясы жасалмайды.
  8. Пациенттің артқы капсуласының да, белбеуінің де патологиясы ИОЛ ұстауды мүмкін емес етеді
  1. Имплантация алдында линзаның типін, оптикалық күшін және конфигурациясын анықтау үшін оның қаптамасын тексеріңіз.
  2. Тасымалдау пакетін ашып, стерильді жағдайда бөтелкені алыңыз.
  3. Бөтелкеден қақпақты алыңыз.
  4. Тегіс губкалы пинцетпен гаптикалық бөлікті абайлап ұстағаннан кейін линзаны бөтелкеден алыңыз.
  5. Бүкіл линзаны стерильді буферлік тұзды немесе стерильді тұзды ерітіндімен шайыңыз.
  6. Линзада бөгде бөлшектердің жоқтығына көз жеткізу үшін оны мұқият тексеріңіз. Линзаның оптикалық қасиеттерін басқа ақаулардың болмауына бағалаңыз.
  7. Линзаны имплантацияға дайындалғанға дейін стерильді буферлік тұзды ерітіндіге салып қоюға болады.
  8. enVista линзасы Medicel өндірген Accuject имплантациялау құралымен/жүйесімен (инжектормен) қолдануға бекітілген.
  9. ИОЛ орнату кезінде инжекторды майлау үшін Amvisc, Amvisc Plus және Ocucoat вискоэластиктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
  10. Көзге имплантация жасар алдында линзаны қажетті пішінге келтіру керек.

Назар аударыңыз! Қаптамасы зақымдалған линзаны қолданбаңыз. Бұл линза стерильді емес болуы мүмкін.
Линзаны қайта зарарсыздандырмаңыз, себебі бұл жағымсыз жанама әсерлерге әкелуі мүмкін.
ИОЛ-ды тек стерильді буферлік тұзды немесе стерильді физиологиялық ерітіндіде ғана сулауға және шаюға рұқсат етіледі.
ИОЛ-ды 43 °С-тан жоғары температурада сақтауға болмайды. МҰЗДАТУҒА БОЛМАЙДЫ.
ИОЛ автоклавтауға жол берілмейді.
ИОЛ-ды қайта пайдалануға жол берілмейді. Линза тұрақты имплантациялауға арналған.
Имплантацияланбаған линзаның стерильділігі мен дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік берілмейді.
ҚР-ММБ-5 09.11.2023 № 018603 Мерзімсіз

ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЛДЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. «БАУШ ХЕЛС» ЖШС A26T9G0, ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ, ҚАЖЫ МҰҚАН К-СІ, 22/5, «ХАН ТӘҢІРІ» БИЗНЕС-ОРТАЛЫҒЫ ТЕЛ.: +7 727 3111 51

Басқа өнімдер

AKREOS AO - фото AKREOS AO
Линза интраокулярная асферическая с улучшенной оптикой Akreos Advanced Optics Aspheric Lens.
Толығырақ
Amvisc Plus - фото Amvisc Plus
Amvisc plus 1,6% вископротекторы, 0,8 мл енгізу құрылғысы бар.
Толығырақ
enVista Toric - фото enVista Toric
Линза интраокулярная для задней камеры глаза псевдофакичная enVista Toric.
Толығырақ
LUXGOOD™ - фото LUXGOOD™
Набор офтальмологический для катарактальной хирургии в вариантах исполнения: LUXGOOD™.
Толығырақ